World Boxing Cup: Жартылай финал нәтижелері

Zakon.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing Cup турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары екі сессияда да шаршы алаңға шығып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Күндізгі сессия:
• 48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) жеңді — Хикару Шинохара (Жапония)
• 60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) жеңді — Санжу Санжу (Үндістан)
• 70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) жеңді — Патрисиа Мбата (Нигерия)
• 50 келі: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) жеңді — Субхан Маммадов (Әзірбайжан)
• 85 келі: Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) жеңді — Самет Ерсой (Түркия)
Күндізгі сессияда барлық бес боксшымыз жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Кешкі сессия:
• 51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) жеңді — Каролин Барбоса Де Алмейда (Бразилия)
• 57 келі: Айдана Забынбекова (Қазақстан) жеңілді — Жасмин Жасмин (Үндістан)
• 65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) жеңілді — Бусиназ Сурменели (Түркия)
• 75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) жеңді — Бусра Исилдар (Түркия)
• 55 келі: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) жеңді — Ясен Радев (Болгария)
• 65 келі: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) жеңілді — Абхинаш Жамвал (Үндістан)
• 75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) жеңді — Нихил Дубей (Үндістан)
• +90 келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) жеңді — Махаммад Абдуллаев (Әзірбайжан)
Кешкі сессияда сегіз боксшының бесеуі жеңіске жетіп, финалға шықты. Қалған үшеуі турнирді қола медальмен аяқтады.
Барлық кездесулерді “Qazsport” телеарнасының YouTube арнасынан көре аласыздар.