Илия Топурия Хабибтің тарихи рекордын жаңартты

Илия Топурия Хабибтің тарихи рекордын жаңартты
Жекпе-жек

Матч ТВ

Грузиялық файтер Илия Топурия UFC тарихында жаңа бет ашты. Жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленгеннен кейін оның есімі тек спорттық емес, коммерциялық тұрғыдан да рекордтармен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz Fighttime.ru-ға сілтеме жасап.

Жақында Топурияның коллекциялық карточкасы аукционда 101 000 долларға сатылып, UFC тарихындағы ең қымбат карточка атанды. Бұған дейін бұл атақ 2022 жылы 79 200 долларға өткен Хабиб Нурмагомедовтің карточкасына тиесілі болатын.

Илия Топурияның супержұлдызға айналуына оның соңғы бір жыл ішіндегі үш ірі жеңісі себеп болды. Алдымен ол Александр Волкановскиді нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алды. Кейін Макс Холлоуэйді де тізе бүктіріп, белбеуін сәтті қорғады. Ал жуырда Чарльз Оливейраны нокаутқа жіберіп, жеңіл салмақтағы чемпион атанды.

Топурия енді тарихта бұрын-соңды болмаған мақсат қойып отыр — үш салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атану. Ол алдағы уақытта жартылай орта (77 кг) салмаққа көтеріліп, жаңа белбеу үшін жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.

Бұл жетістіктер оның тек октагондағы емес, маркетингтік құндылығын да арттыра түсті. UFC тарихындағы жаңа кезең басталды деуге толық негіз бар.