Хамзат Чимаев UFC жұлдыздарын сынға алды

Хамзат Чимаев UFC жұлдыздарын сынға алды
Жекпе-жек

Ведомости

UFC-де жеңілмеген ресейлік файтер Хамзат Чимаев алдағы маңызды жекпе-жек алдында өзінің дивизионындағы танымал спортшылар туралы пікірін ашық білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Red Corner MMA арнасына берген сұхбатында Чимаев әр спортшыға қысқаша әрі өткір сипаттама берді:

– Колби Ковингтон – клоун

– Хорхе Масвидаль – жалған гангстер

– Камару Усман – жақсы файтер

– Шавкат Рахмонов – жақсы файтер

– Алекс Перейра – қорқақ бала

– Роберт Уиттакер – жақсы жігіт

– Шон Стрикленд – күлкілі адам

– Конор МакГрегор – шоумен

Атап өтерлігі, Чимаев Шавкат Рахмоновты жағымды сипаттап, оны жақсы файтер ретінде атады. Бұл – оның қазақстандық спортшыға деген құрметін білдіретін сирек пікірлердің бірі.

Еске сала кетейік, Хамзат Чимаев 17 тамыз күні орта салмақта UFC чемпионы атағы үшін октагонға шығады. Оның қарсыласы – Оңтүстік Африкадан шыққан қауіпті қарсылас Дрикус Дю Плесси. UFC 319 турнирі АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді және жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.