WBC Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне рұқсат беріп, басқа қазақстандыққа зиян келтірді

WBC Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне рұқсат беріп, басқа қазақстандыққа зиян келтірді
Бокс

inbusiness.kz

WBC президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) титулды біріктіру жекпе-жегін ұйымдастыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Bassport.kz vRINGe.com-ға сілтеме жасап.

Сулейманның айтуынша, бұл шешім қабылдану арқылы WBC өз міндетті қорғау жекпе-жегін сәл кейінге шегерді. Бұл жағдай WBC-тің ресми үміткері, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа кері әсер етті — ол 2023 жылдан бері атақты жекпе-жегін күтіп жүр.

Бұл келіссөздердің басты кедергесі — бокстағы ең ықпалды инвесторлардың бірі, Сауд Арабияның өкілі Турки әл-аш-Шейх. Адамес Сауд Арабиясында бір рет жұдырықтасып, төрешілер шешімімен келіспей, сол сәтсіз тәжірибені ұмыта алмай жүр. Сондықтан ол қауіп-қатерлерге байланысты гонорардың артуын талап етуде. Ал әл-аш-Шейх болса, оның бұл әрекетін «менің уақытымды босқа алады» деп сынға алды.

WBC басшысы екі тарапқа — Жәнібек пен Адамес командаларына — келіссөздерді соңына дейін жеткізу үшін тағы біраз уақыт беретінін айтып, жақын күндері нақты шешім қабылданады деп үміттеніп отыр.