Жанқош Тұраровтың рингке оралатын күні белгілі болды

Бокс
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров көпшілік күткен оралуын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Спортшы Instagram парақшасында жаттығу залындағы дайындық сәтінен бейнематериал бөлісіп, қолғаппен жұмыс жасап жатқан сәтін көрсетті. Кадрларда Тұраровпен бірге белгілі қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те көрінеді. Айта кетейік, Әлидің алдағы жекпе-жегі бұған дейін ресми түрде жарияланған болатын.
— 5 қыркүйекке дайындық, — деп жазды Тұраров.
Еске салайық, 2023 жылы Алматыда өткен жекпе-жекте Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесесті жеңіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Сол жылдың желтоқсанында жапониялық Акихиро Кондоны ұтып, WBA Gold белдігін иеленді. Осыдан кейін Тұраров рингке шықпаған болатын.