«Мен ештеңе қолданған жоқпын». Дастан Сатпаев физикалық формасының сырын ашты

Футбол
“Қайрат” ФК
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев өзінің физикалық дайындығы мен дене бітіміндегі өзгерістер туралы пікірін бөлісті. Бұл жайында ол «Nobel» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
– Өзім де байқадым, бұлшықетімнің тез өсіп кеткенін. Шынымды айтсам, мұндай нәтижеге қысқа уақытта жеткеніме аздап таңғалдым. Бірақ ешқандай арнайы қоспа немесе басқа нәрсе қолданған жоқпын, тек залда тұрақты жаттығып, дұрыс тамақтандым, – деді жас шабуылшы.
– Бұл генетика деп ойлайсың ба? – деген сұраққа Дастан:
– Жоқ, тек залдағы еңбектің арқасы, – деп жауап берді.
Айта кетейік, 17 жастағы Сатпаев биылғы маусымда ҚПЛ аясында 20 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасында екі голдың авторы атанды.