Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев футбол спортына ауыспақ

Жекпе-жек
СЭ
«Амкал» ФК UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы, әлемге танымал файтер Хабиб Нурмагомедовты және 33 жастағы жұлдызды спортшы Ислам Махачевті Ресей кубогының келесі матчы үшін команда құрамына қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
– Бізбен жекпе-жек әлемінен футболға қызығушылық танытқан жігіттер бар. Хабиб Нурмагомедовтың өкілдерімен хабарласып, ұсыныс жасағымыз келеді. Мүмкін Ислам Махачевке де. Екеуі де футбол ойнайды, бұл оларға қызық, – деді клуб президенті Герман Попков Mavrin Football Coach YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, алдыңғы матчта «Амкал» «Калуга» командасын 1:0 есебімен жеңіп, Ресей кубогының аймақтық жолының үшінші кезеңіне шықты.