Жұман Жұмабеков мансабындағы соңғы жекпе-жегін өткізді

Жұман Жұмабеков мансабындағы соңғы жекпе-жегін өткізді
Жекпе-жек

NUR.KZ

Қазақстандық ММА файтері Жұман Жұмабеков кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

35 жастағы файтер Алматыда өткен Naiza 76 турнирінде бразилиялық Бруно Роверсомен күш сынасты. Жекпе-жек жеңіл салмақта жоспарланған үш раундтың бәрін өтті. Нәтижесінде Жұмабеков төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық файтер кәсіби аренадан 15-ші жеңіспен қош айтысты. Ал оның қарсыласы Бруно Роверсо мансабындағы 13-ші жеңілісін тіркеді.

Айта кетейік, Жұмабеков кәсіби ММА-дағы жолын 2014 жылдың 13 желтоқсанында бастаған. Ол он жылдан астам уақыт бойы қазақстандық ММА тарихына есімін алтын әріппен жазып қалдырған тәжірибелі спортшылардың бірі саналады.