Головкиннің ізбасары реваншта да жеңіліс тапты

Головкиннің ізбасары реваншта да жеңіліс тапты
Бокс

Лас-Вегастағы Allegiant Stadium аренасында өткен Сауль «Канело» Альварес пен Терренс Кроуфордтың бокс кешінде украиналық бірінші орта салмақ (69,9 келіге дейін) өкілі Сергей Богачук (26-3, 24 КО) америкалық Брэндон Адамстан (26-4, 16 КО) тағы да ұтылды, деп хабарлайды Bassport.kz Vringe.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл кездесу олардың екінші айқасы болды. 2021 жылы алғашқы жекпе-жекте Богачук нокаутпен жеңілген еді. Реваншта да жағдай өзгерген жоқ. Адамс алғашқы раундтан бастап басымдық көрсетіп, қарсыласын ашық айқасқа итермеледі. Жекпе-жек сегізінші раундта шешіле бастады.

Америкалық боксшының ауыр соққылары украиналық спортшыны қатты қыспаққа алды. Қазылар да бірауыздан Адамстың айқын басымдығын тіркеді: 98-92, 99-91, 98-92.

Айта кетейік, Сергей Богачуктың промоутері Том Леффлер кезінде Геннадий Головкинмен жұмыс істеген. Ол украиналық боксшыны бірнеше мәрте «Головкиннің ізбасары» деп атаған еді.