Санжар Тәшкенбай әлем чемпионаты финалына шықты

Бокс
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (55 кг) Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Жекпе-жек барысында Санжар нокдаунға түссе де, төзімділігі мен тактикалық шеберлігінің арқасында қарсыласын басып озды.
Айта кетелік, отандасымыздың финалдағы қарсылас Жапония мен Моңғолия арасындағы ширек финал жеңімпазы анықталғаннан кейін белгілі болады.