Назым Қызайбай финалда

Назым Қызайбай финалда
Бокс

KBF

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай (48 келі) Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті. 

Қазақстан құрамасының көшбасшысы шаршы алаңда сенімді өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Назымға әлемдік додада финалға шығуға мүмкіндік берді. 

Ақтық сында ол алтын медаль үшін күш сынайды. Бұған дейін Аида Әбікеева мен Айбек Оралбай финалға шыққан еді, сондықтан қазақ боксшыларының финалдық белдесулері алдағы жарыстың басты тартысына айналуы мүмкін. 

Айта кетелік, ақтық сындағы Назымның қарсыласы бүгін Үндістан мен Моңғолия арасындағы кездесуден кейін анықталады.