Қазақ дзюдошылары әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Дзюдо
IJF
Перу астанасы Лимада дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы бұл додада небәрі бір жүлдемен шектелді. Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта белдескен Асқар Біржанов қола жүлде үшін өткен кездесуде өзбек спортшысы Мұхаммадали Зоировтан жеңіліп қалды.
Енді ұлттық құрама аралас командалық жарыстарда бақ сынайды.