Олимпиада-2026: отандастарымыз қай спорт түрлерінде жүлдеге таласады
Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Милан мен Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Тау шаңғысы спортының ерлер арасындағы бәсекесінің гигант слалом жарысында Ростислав Хохлов ел намысын қорғайды. Жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Фристайлда параллельді могулдан қыздарымыз сайысқа түседі. Аяулым Әмренова, Юлия Галышева мен Анастасия Городко Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Сайыс елорда уақытымен сағат 14:30-да басталады деп жоспарланған.
Шаңғы жарысында бүгін әйелдер арасында эстафета (4x7.5 км) бәсекесі өтіп, онда Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник пен Ксения Шалыгина өнер көрсетеді. Жарыстың басталу уақыты - 16:00.
Биатлонда Айша Ракишева мен Милана Генева спринт (7.5 км) жарысында бақ сынайды, жарыс Астана уақытымен сағат 18:45-те басталады.
Конькимен жүгіруде қыздарымыз (Надежда Морозова, Елизавет Голубева, Кристина Силаева, Арина Ильященко) командалық із кесу сайысында сынға түссе, Евгений Кошкин 500 метрге жүгіруде жүлдеге таласады. Қыздардың жарысы Астана уақытымен 20:00-де басталса, Евгений Кошкин 21:00-де сайыс алаңына шығады.
Илья Мизерных пен Данил Васильев үлкен тұғырдан секіруде іріктеуге қатысады. Шаңғымен тұғырдан секірушілердің іріктеу бәсекесі сағат 21:30-да басталады деп жоспарланған.
Шорт-тректе Ольга Тихонова 1000 метрге жарыстың іріктеуінде сынға түседі. Отандасымыз сенібден жексенбіге қараған түні сағат 01:01-де жарыс жолына шығады.