Әйелдер құрамасы шорт-тректен Әлемдік турдың жартылай финалына жолдама алды

Басқа
ҰОК
Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетаның жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінде ұлттық команда ширек финалда Канада және Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Нәтижесінде жартылай финалға тікелей екі команда өтсе, Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары үздік уақыт көрсеткіші арқылы келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, жартылай финалдық кезең 18 қазан күні өтеді.