Ербол Мырзабосынов WADA президентімен кездесті

Ербол Мырзабосынов WADA президентімен кездесті
Басқа

Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанға алғаш рет келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банькамен кездесті. 

Тараптар допингке қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты, спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған білім беру бағдарламаларын күшейту және «таза спорт» қағидатын насихаттау мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында министр Қазақстанның адал бәсекелестік пен халықаралық стандарттарды ұстанатынын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық допингке қарсы орталық Азиядағы ең дамыған ұйымдардың бірі саналады және WADA тарапынан тұрақты түрде аудиттен өтеді. Өз кезегінде Витольд Банька Қазақстанның ашық серіктестік пен айқындыққа бағытталған қадамдарын жоғары бағалады. 

Сапар аясында WADA делегациясы спорт федерациялары, Ұлттық олимпиадалық комитет және спортшылармен кездесіп, елордадағы спорт нысандарына бармақ.