Футболдан ұлттық құраманың рейтінгі алға ілгеріледі

Футбол
KFF
Қазақстан ұлттық құрамасының қазан айындағы сәтті ойыны FIFA рейтингінде ілгерілеуге ықпал етті.
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізген құрама 115-орынға көтерілді.
Football-ranking.com мәліметінше, бұл көрсеткішке Астанада Лихтенштейнмен 4:0 есебіндегі ойын және сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 нәтижелеріміз әсер еткен. Ал рейтинг көшін дәстүрлі түрде әлемдік — Испания, Аргентина және Франция құрамалары бастап тұр. Аталған көрсеткіш қазақ жанкүйерлеріне үміт сыйлап отыр.
Айта кетелік, қараша айында ұлттық құрама өз алаңында Бельгияны қабылдайды.