«Қайрат» – «Пафос» матчының билеттері сатылымға шықты

«Қайрат» – «Пафос» матчының билеттері сатылымға шықты
Футбол

Қайрат ФК

Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында өтетін «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы кездесудің билеттері сатылымға шықты.  

Матч 21 қазан күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Бұл көрсеткіш алматылық клубтың «Реалға» қарсы ойынындағы баға диапазонымен бірдей. 

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчтың билеттері сатылымға шыққаннан кейін санаулы сағаттар ішінде түгел сатылып кеткен болатын. Сол себепті бұл жолы да жанкүйерлерге билетті алдын ала сатып алуға кеңес беріледі.