Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда қатарынан екінші турнирде топ жарды

Теннис
ҰОК
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен беделді ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанды.
Финалда отандасымыз Қытай Тайбэйінен келген Куан Чеу Ченмен кездесіп, сенімді ойынымен 6:2, 6:1 есебімен басым түсті.
Бұл — Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңісі. Бір апта бұрын ол Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде де үздік шыққан болатын.
Жас спортшының бұл нәтижелері оның халықаралық рейтингтегі позициясын нығайтып, болашақ жарыстарға сенімді қадам жасауына жол ашты.