Бүгін Қазақстан Солтүстік Македониямен кездеседі

Бүгін Қазақстан Солтүстік Македониямен кездеседі
Футбол

KFF

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македониякомандасымен кездеседі. 

Матч ел құрамасы үшін турнирлік жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін шешуші ойын болмақ. 

Еске сала кетейік, 10 қазан күні Қазақстан Лихтенштейнге қарсы ойында 4:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Енді Талғат Байсуфинов шәкірттері Балқан түбегінің қарымды қарсыласы – Солтүстік Македониямен кездеседі. Қарсылас команда биылғы іріктеу кезеңін сәтті өткізіп келеді. Алты турдан кейін Македония 12 ұпаймен топ басында тұр. Ұжым өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алуға жақын. 

Ал Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан бүгінгі ойын қазақ футболының дамуына серпін, жанкүйерлерге жаңа үміт болары даусыз.

Айта кетейік, қос құрама бұған дейін екі рет жолыққан. Екеуінде де жеңіс Солтүстік Македонияның еншісінде – жалпы есеп 5:0. Бұл жолы тарих өзгеруі мүмкін бе? Оны іріктеу кезеңіндегі сырт алаңда өткізетін соңғы ойын шешеді. 

Кездесу Скопьенің “Тодор Проески” стадионында өтеді. Матч ел уақытымен 23:45-те басталады.