Бублик тағы бір саты жоғарылады: ATP жаңартылған рейтингі жарияланды

Теннис
Olympic.kz
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жаңа тізім бойынша үздік үштік өзгеріссіз қалды:
– Карлос Алькарас (Испания) – бірінші орында,
– Янник Синнер (Италия) – екінші,
– Александр Зверев (Германия) – үшінші сатыда тұр.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик бір саты жоғарылап, әлемнің 16-шы ракеткасы атанды. Бұл — спортшының мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Ал тағы бір отандасымыз Александр Шевченко екі орынға төмендеп, 91-ші сатыға жайғасты.
Еске сала кетейік, Бублик соңғы уақытта бірқатар ATP турнирлерінде сәтті өнер көрсетіп, тұрақты нәтижесімен рейтингтегі ұпай санын арттырған болатын.