Almaty Open турнирінде Қазақстаннан жалғыз теннисші қалды

Almaty Open турнирінде Қазақстаннан жалғыз теннисші қалды
Теннис

Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің алғашқы кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды. 

Отандасымыз америкалық Алекс Мичелсенмен кездесіп, 0:2 (2:6, 3:6) есебімен жеңілді. Осылайша, турнирде еліміздің намысын қорғаған теннисшілерден Михаил Кукушкин, Әмір Омарханов және Тимофей Скатов та алғашқы айналымнан аса алмады.  


Қазіргі таңда жарыста ел намысын қорғап жатқан жалғыз қазақстандық – Александр Шевченко ғана. Ол келесі кезеңде француз Корентен Мутемен кездеседі.