Шымкентте 35 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы басталды

Футбол
Ашық дереккөзінен
Шымкентте заманауи талаптарға сай жаңа футбол стадионының құрылысы ресми түрде басталды.
Жоба бойынша арена 35 мың жанкүйерге арналған және 21 гектар аумақты қамтиды. Нысанның құрылысы УЕФА стандарттарына сай жүргізілуде, сондықтан болашақта халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдай алады.
Жоспар бойынша аталған спорт кешені 2026 жылы пайдалануға беріледі. Архитектуралық тұрғыда ерекше дизайнмен бой көтеретін жаңа нысан Шымкенттің спорттық және мәдени келбетін айшықтай түспек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қалада 1969 жылы салынған 18 мың орындық небәрі бір ғана стадион бар.