Скопьедегі сенімді ойын: Қазақстан Солтүстік Македониямен тең түсті

Футбол
Ашық дереккөзінен
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесудің 54-минутында ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Дінмұхаммед Қараман әдемі гол соғып, есеп ашты. Бұл — оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы. Ал 74-минутта Македония капитаны Энис Барди таразы басын теңестірді.
Матчтан кейін Қараман қуанышын жасыра алмады:
“Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Бұл — мен үшін үлкен мақтаныш. Маған сенім білдірген бапкерлер штабы мен қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын”, — деді ол ҚФФ баспасөз қызметіне.
Бас бапкер Талғат Байсуфинов те ойынға оң баға берді:
“Мақсатымыз жеңіс еді, бірақ тең нәтиже де жаман емес. Жігіттер соңына дейін күресті, нағыз ер мінез көрсетті. Соңғы ойындарда командада прогресс бар — біз тұрақтылыққа қарай қадам жасап келеміз,” — деді ол.
Айта кетелік, жеті турдан кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен төртінші орында тұр. Келесі кездесу 15 қарашада Бельгияға қарсы өтеді