Қазақстан құрамасы 2025 жылдың соңғы ойындарына арналған құрамын жариялады

Қазақстан құрамасы 2025 жылдың соңғы ойындарына арналған құрамын жариялады
Футбол

Нұрғали Жұмағазы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін матчтарға арналған кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Кеңейтілген құрам төмендегідей:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков (“Қайрат”), Мұхаммеджан Сейсен (“Астана”), Бекхан Шайзада (“Ордабасы”), Қажымұқан Төлепберген (“Оқжетпес”). 

Қорғаушылар: Арсен Әшірбек (“Оқжетпес”), Әділбек Жұмаханов (“Елімай”), Еркін Тапалов (“Қайрат”), Сергей Малый (“Ордабасы”), Сағадат Тұрсынбай (“Ордабасы”), Сұлтанбек Астанов (“Ордабасы”), Наурызбек Жагоров (“Тобыл”), Ян Вороговский (“Астана”), Әлібек Қасым (“Ақтөбе”), Талғат Кусяпов (“Ақтөбе”), Бағдат Қайыров (“Ақтөбе”), Нұралы Әліп (“Зенит”, Ресей). 

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (“Елімай”), Жан Әли Пайруз (“Елімай”), Алмас Төлібай (“Елімай”), Ғалымжан Кенжебек (“Елімай”), Муроджон Халматов (“Ордабасы”), Ерсұлтан Қалдыбеков (“Қайсар”), Дамир Қасабулат (“Қайрат”), Георгий Жуков (“Ақтөбе”), Исламбек Қуат (“Жеңіс”), Дінмұхамед Қараман (“Жеңіс”), Серікжан Мужиков (“Оқжетпес”), Дәурен Жұмат (“Оқжетпес”), Ислам Чесноков (“Тобыл”), Бақтиер Зайнутдинов (“Динамо”, Ресей).

Шабуылшылар: Максим Самородов (“Ахмат”, Ресей), Дастан Сәтпаев (“Қайрат”), Эльхан Астанов (“Ордабасы”), Иван Свиридов (“Елімай”), Артур Шушеначев (“Ақтөбе”), Рамазан Кәрімов (“Астана”), Айбар Жақсылықов (“Қайсар”), Оралхан Өміртаев (“Ақтөбе”). 

Айта кетейік, ұлттық құрама 15 қарашада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен кездеседі. Сонымен қатар, 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған.