“Барыс” ойыншысы ҚХЛ-да көш бастап келеді
Хоккей
“Барыс” ХК
“Барыс” ойыншысы Райли Уолш Құрлықтық хоккей лигасында көшбасшы ойыншылар қатарында, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Уолш қорғаушы-снайперлер тізімінде қазіргі таңда бірінші орында тұр.
Маусымның 20 матчында ол жеті шайба соғып, тоғыз нәттжелі пас берген.
Ал “Барыс” Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде 20 ойында олжалаған 19 ұпайымен жетінші орында келеді.