Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы канадалық лигадағы алғашқы шайбасын соқты
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Артур Гросс канадалық командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.
Шабуылшы бір апта бұрын Канаданың Британдық Колумбия хоккей лигасында өнер көрсететін “Виктория Гризлис” командасына қосылды. Отандасымыз кеше Лигадағы дебюттік ойынын өткізсе, бүгін “Альберни Валлей Бульдогз” командасымен матчта алғашқы шайбасын соқты.
Бұл кездесуде Артур Гросстың командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.