“Үйімнің төрінде ілулі тұр”: Финляндия Президенті Қазақстанда алған ерекше сыйлығы туралы айтты

“Үйімнің төрінде ілулі тұр”: Финляндия Президенті Қазақстанда алған ерекше сыйлығы туралы айтты
Велоспорт

Aqorda, Telegram

Бүгін Финлянди Президенті Александр Стубб елімізге ресми сапармен келді. Ақордада өткен кездесу барысында ол Қазақстанда алған ерекше сыйлығы туралы айтты, деп жазады BasSport.kz.

– Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде - ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр.