Рината Сұлтанова тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды

Рината Сұлтанова тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды
Велоспорт

Рината Сұлтанова. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды. Екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.

Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.