Тас жолдағы велоспорт: Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Тас жолдағы велоспорт: Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Велоспорт

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

5 ақпанда Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Бапкерлер штабы ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Әйелдер (элита және U-23): Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова, Виолетта Казакова.

Ерлер (элита және U-23): Даниил Марухин, Вадим Пронский, Антон Кузьмин, Евгений Федоров, Николас Винокуров, Диас Рысбай, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Владислав Башлыков.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.