“Қайрат” Чемпиондар Лигасын жеңіспен бастады
Футзал
“Қайрат” АФК
Алматылық “Қайрат” футзал командасы Чемпиондар Лигасы негізгі кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ел чемпионы хорватиялық “Ново Вриемеге” қарсы ойнады. Бірінші таймда қазақстандық команда Рамазан Оразовтың дублінің және Эдсон голының арқасында матчта көш бастады. Ойынның екінші бөлігінде хорватиялық ұжым таблодағы көрсеткішті бір голға дейін қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алған жоқ.
1/8 финалға шығу үшін “Қайрат” төртінші топтың үздік үштігі қатарына кіруі керек.
Келесі ойынын алматылық ұжым бүгін сағат 21:00-де португалиялық “Спортингке” қарсы өткізеді.