Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо әлем чемпионы атағын сарапқа салуы мүмкін
 
                Prosports.kz
Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы көптен күткен реванш қазіргі таңда жоспарлау кезеңінде тұр және бұл жекпе-жек әлем чемпионы атағы үшін өтетін бәсеке мәртебесін алуы ықтимал. Бұл туралы Bassport.kz Fighttime.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) жаңа вице-президенті болып тағайындалды. Осыған байланысты ұйым басшылығы жекпе-жекке өз чемпиондық белбеуін ұсынуға әзір екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты IBA Pro Series жетекшісі Эл Сиеста өткен баспасөз мәслихатында ресми түрде жеткізді.
«Егер Мэйвезер келісімін берсе және Мэнни бұл жекпе-жекке қызығушылық танытса, біз оны IBA аясында өткізіп, әлем чемпионы атағын сарапқа саламыз», – деді Сиеста.
Алдағы реванштың ұйымдастырушысы ретінде Netflix платформасы қарастырылып отыр. Кездесу келесі жылдың сәуір айына жоспарланғаны туралы бейресми ақпарат тарауда.
