Ағайынды Сабырхандардың үйдегі жаттығу сәті жарияланды (ВИДЕО)
 
                Бокс
                                            Қазақстандық боксшылар Махмұд және Төрехан Сабырхан туралы қызықты бейнематериал әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі саналатын Махмұд Сабырхан Instagram желісінде өз ағайынымен және әкесімен түсірілген әзіл-оспақ стиліндегі бейнероликпен бөлісті. Кадрларда Махмұд пен Төрехан бокс қолғабын киіп, аулада өз әкесіне қарсы тұруға тырысады. Ал чемпиондардың әкесі болса, қолына екі қамшы алып, ұлдарын әдеттегі үй жаттығуы аясында қуып жүр.
Айта кетейік, Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында Махмұд пен Төрехан Сабырхан тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Әуесқой бокс тарихында алғаш рет бір чемпионатта екі туған ағайынды әлем чемпионы атағын қатар иеленген болатын.