"Қайрат" Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына шықты
Футзал
"Қайрат" ФК
Футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің кезекті матчында алматылық "Қайрат" Косовоның "Приштина" командасымен кездесті, деп жазады BasSport.kz тілшісі.
Төртінші топтың 3-туры аясында өткен ойында "Қайрат" сапынан Біржан Оразов дубль жасап көзге түссе, Кевин Арриета мен Атирсон Оливейра бір голдан өз есептеріне жазды. Ойын 4:1 есебімен алматылық команданың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, "Қайрат" негізгі кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Алматылық ұжым топта екінші орын алып, Чемпиондар Лигасы 1/8 финалына шықты. Плей-оффқа әр квартеттің үзідк үштігі шығатынын айта кету керек.