Қазақ мәнерлеп сырғанаушысы әлем чемпионатының еркін бағдарламасына өте алмады

 Қазақ мәнерлеп сырғанаушысы әлем чемпионатының еркін бағдарламасына өте алмады
Қысқы спорт

Артур Смагулов. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыста қысқа бағдарлама өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан атынан Артур Смагулов өнер көрсетті. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 51.76 ұпай жинап, 37-орынға тұрақтады. Ол еркін бағдарламаға жолдама ала алмады. Себебі бұл кезеңге өту үшін қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына ену қажет еді.

Жапониялық Рио Накада аралық көшбасшы атанды. Ол 89.51 ұпай жинап, осы жас санатында әлем рекордын жаңартты.