Еліміз стенд атудан әлем Кубогы кезеңін қабылдайды

Еліміз стенд атудан әлем Кубогы кезеңін қабылдайды
Спорттық ату

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан стенд атудан әлем Кубогының кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында өткізіледі. Әлем Кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әлем Кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.