Бублик әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Бублик әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізді
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

ATP жаңартылған дүниежүзілік рейтингті жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Парижде өткен Masters жарысында мансабында алғаш рет АТР 1000 турнирінің жартылай финалында бақ сынаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтинге үш сатыға жоғарылап, 13-орынға тұрақтады. Бұл - оның жеке рекорды. 

Ал Париждегі Masters жарысының чемпионы италиялық Янник Синнер қайтадан әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Испания өкілі Карлос Алькарас екінші орында тұрса, Александр зверев үздік үштікті түйіндеп тұр.