“Интер” мен “Қайраттың” матчында кім төрелік етеді

“Интер” мен “Қайраттың” матчында кім төрелік етеді
Футбол

Getty Images

“Қайраттың” УЕФА Чемпиондар Лигасы 4-тур аясында сырт алаңда өткізетін ойынында кім төрелік ететіні белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

УЕФА “Қайрат” пен “Интер” арасындағы ойынның төрешілер бригадасын жариялады. Бас төреші қызметін матчта Луиш Годинью атқарады. Оғана Руй Тейшейра пен Педру Алмейда көмектеседі. Ал VAR төрешілері - Андре Нарсишу, Тьягу Мартинш.

Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.