Дастан Сәтпаев ЧЛ-да ойнау үшін жарақатын жасырған

Дастан Сәтпаев ЧЛ-да ойнау үшін жарақатын жасырған
Футбол

“Қайрат” ФК

“Қайрат” шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасында ойнау үшін жарақатын жасырған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұны клуб президенті Қайрат Боранбаев Nursultan Qumran YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Жас ойыншы Чемпиондар Лигасындағы матчтарға қатысу үшін бойында ауырсыну бар екенін бапкерлерге де, команданың дәрігерлеріне де айтпаған. Тек соңғы ойыннан кейін ол жарақаты туралы хабар берген. Одан соң оны дәрігерлер тексеріп, жағдайы туралы ақпаратты ұлттық құрамаға айтқан. 

Құрама дәрігерлері оны Астанаға шақыртып, тексерістен өткізіп, жарақатын растаған. Сөйтіп, ол ұлттық құраманың Лихтенштейн (4:0) мен Солтүстік Македонияға (1:1) қарсы ойындарына қатыса алған жоқ.