“Қайрат” пен “Семейдің” 1/8 финалдағы қарсыластары кім болады
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жеребе тарту рәсімі ашық форматта өтіп, 1-қоржындағы команда 2-қоржындағы кез келген ұжыммен ойнауы мүмкін.
Алматылық “Қайрат” 1-қоржында болса, “Семей” екінші қоржынға түскен.
Толық тізім келесідей:
1-қоржын: “Қайрат” (Қазақстан), “Пальма” (Испания), “Картахена” (Испания), “Бенфика” (Португалия), “Спортинг” (Португалия), “Пяст Гливице” (Польша), “Этуаль” (Франция), “Рига” (Латвия).
2-қоржын: “Семей” (Қазақстан), “Спортинг Андерлехт” (Бельгия), Луксол Сент-Эндрюс (Мальта”, “АЕК” (Грекия), “Йорринг” (Дания), “Араз” (Әзербайжан), “Хит” (Украина), “Приштина” (Косово).
1/8 финалдың алғашқы матчы 24 қарашада, ал қарымта кездесулері 5 желтоқсанда өтеді.