Бельгия Қазақстанға келетін құрамын жариялады

Бельгия Қазақстанға келетін құрамын жариялады
Футбол

Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Бельгияны қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Руди Гарсия Қазақстанға келетін нақты тізімді жариялады. Құрам келесідей:

Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал» Мадрид), Сенне Ламменс («Манчестер Юнайтед»), Мац Селс («Ноттингем Форест»), Мартен Вандеворт («РБ Лейпциг»);

Қорғаушылар: Тимоти Кастань («Фулхэм»), Максим Де Кайпер («Брайтон энд Хоув Альбион»), Кони Де Винтер («Милан»), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Томас Менье («Лилль»), Диего Морейра («Расинг» Страсбург), Натан Нгой («Лилль»), Хоакин Сейс («Брюгге»), Артур Теате («Айнтрахт» Франкфурт);

Жартылай қорғаушылар: Амаду Онана («Астон Вилла»), Николя Раскин («Рейнджерс»), Юри Тилеманс («Астон Вилла»), Ханс Ванакен (Брюгге»), Шарль Ванхаутте («Юнион Сен-Жиллуа»), Аксель Витсель («Жирона»);

Шабуылшылар: Шарль Де Кетеларе («Аталанта»), Жереми Доку («Манчестер Сити»), Доди Лукебакио («Севилья»), Луа Опенда («РБ Лейпциг»), Алексис Салемакерс («Милан»), Леандро Троссар («Арсенал»), Ромео Вермант («Брюгге»).

Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойын 15 қарашада «Астана Аренада» өтеді.