«Ата, мен жеңдім, енді не қаласаң да алып берем» - жас спортшы жеңісінен кейін атасына хабарласты
Басқа
Алматыда 2025 жылғы республикалық Auyl Sport турнирінің финалы өтті. Жарысты Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры ұйымдастырды.
Финалдан кейін әлеуметтік желілерде бір бейнежазба кең таралды. TikTok-та шамамен 3 миллион, ал жобаның Instagram парақшасында 1 миллионнан астам адам көрген роликте финалда жеңіске жеткен жас спортшы атасына телефон соғып: «Ата, мен жеңдім! Не қаласаң да алып берем!» деп қуанышымен бөліседі.
Бұл сәт жұрттың жүрегіне жетіп, желіде кең таралды. Пікір қалдырушылар жас спортшының шынайы қуанышын атап өтіп, «Міне, нағыз мақтаныш», «Атасына батыр немере бұйырған екен», «Қарапайым әрі шынайы» деп жазды.
Auyl Sport жобасының парақшасында осындай жүрекжарды оқиғалар көп. Балалар жеңіс қуанышын жақындарымен бөлісіп, ата-анасы мен жаттықтырушыларына алғыстарын білдіреді.
Жоба ауылдық аймақтардағы жас спортшыларға мүмкіндік беріп, олардың дамуына жол ашып отыр.