Қазақстандық жүзгіштер Ислам ойындарында қос алтын медаль жеңіп алды
Жүзу
Тұрар Қазанғапов
7 қарашада Эр-Риядта VІ Ислам Ынтымақтастығы ойындары басталды. Кезекті жарыс күнінде жүзуден Қазақстан құрамасының мүшелері тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сынға түскен Әділбек Мусин аталған қашықтықты 23.85 секундта жүзіп өтіп, бірінші орын алды.
Дәл осы сынның әйелдер арасындағы бәсекесінде жүлдеге таласқан Софья Сподаренко 26.99 секунд уақыт көрсеткішімен топ жарды.
Сонымен қатар, өзге де жүзу шеберлеріміз Айбат Мырзамұратов қос қола жүлде еншілесе, Максим Сказобцов күміске қол жеткізді. Ал Қазақстан ерлер құрамасы еркін стильмен 200 метрге жүзу эстафетасында екінші орынға табан тіреді.