Исламиада: Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден екінші орын алды

Исламиада: Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден екінші орын алды
Жүзу

Тұрар Қазанғапов

Жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жерлестеріміз 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) екінші нәтиже көрсетті. Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті. 

Түркия алтын медаль жеңіп алды - 03:40.56, ал Индонезия үздік үштікті түйіндеді - 03:44.07.