Лионель Месси "Камп Ноуға" оралды
Instagram/@leomessi
"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси "Камп Ноу" стадионына барды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Шабуылшының экс-командасының стадионында жақында жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.
"Мен бұл сәтті қатты сағындым. Бұл стадионда мен өзімді бақытты сезінемін. Бір күні осы алаңға қайта ораламын деп үміттенемін. Енді футболшы ретінде ғана емес деп ойлаймын. Өйткені мен кезінде дұрыс қоштаса алмадым", – деп жазды Месси өзінің Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аргентиналық футболшы 16 жыл көлемінде, яғни 2005 жылдан 2021 жылға дейін испаниялық "Барселона" клубының намысын қорғаған. Ал 2023 жылдың жазынан бері Месси АҚШ-тың "Интер Майами" клубында өнер көрсетіп келеді. Оның америкалық клубпен келісімшартының мерзімі 2028 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады.