Бокстан әлем Кубогына қатысатын құрам жарияланды

Бокстан әлем Кубогына қатысатын құрам жарияланды
Бокс

16-20 қараша күндері Үндістанда бокстан әлем Кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. 

Ерлер: Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Санжарәлі Бегалиев (80 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Бекзат Таңатар (90 келі), Даниял Сапарбай (90+ келі). 

Әйелдер: Ақбота Болат (48 келі), Жансая Рахымберді (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диана Мағауияева (80 келі), Әсел Тоқтасын (80+ келі).