Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін

Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін
Бокс

Қайрат Сәтжанов / Сурет: ҚБФ баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының экс-бас бапкері мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қайрат Сәтжанов бапкерлік мансабын шетелде жалғастыруы ықтимал. Бұл туралы Sportarena.kz жаттықтырушыға жақын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, ТМД-ға мүше бірнеше елдің  өкілдері Қайрат Сәтжановпен байланысқа шығып, оны жұмысқа шақыруға қызығушылық танытқан. Шетелдік спорт мамандары оның бапкерлік тәжірибесі мен нәтижелерін жоғары бағалап отыр.