Серік Сәпиев орынбасарымен болған жайт жайында мәлімдеме жасады
Бокс
Бокстан Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановпен болған келеңсіз жайт жайында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", - деп жазды Сәпиев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 21 қаңтар күні спорт нысандарының бірінде болған Серік Сәпиев пен орынбасары арасында болған. Алдымен сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, қазір барлық мән-жайды анықтап жатыр.