Роналду ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңнан қуылды

Роналду ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңнан қуылды
Футбол

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Португалия сырт алаңда Ирландиямен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ирландия сапынан Трой Пэрротт дубль жасады. 

Ал Криштиану Роналду екінші таймда қарсылас ойыншысын шынтағымен соққанв үшін қызыл қағаз алды. Португалиялық шабуылшы ұлттық құрамадағы мансабында алғаш рет алаңнан қуылған.