Қазақстан он ойыншымен қалып, Бельгиямен тең түсті
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында Бельгияны қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойынның 9-минутында Дастан Сәтпаев гол соғып, есеп ашты. Бұл - 17 жастағы шабуылшының ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы. Әрі Сәтпаев жалпы ұлттық құрама тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды (17 жас 95 күн).
Екінші таймда бельгиялық футболшылар Ханс Ванакеннің көмегімен таразы басын теңестірді. Одан соң Қазақстан құрамасы сапынан Ислам Чесноков қызыл қағаз алып, Талғат Байсуфинов шәкірттері матчты 10 ойыншымен жалғастырып, аяқтады.
Осылайша, әлем чемпионатына іріктеудің J тобы аясында өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сегіз ойында сегіз ұпай еншіледі. Команда іріктеуді турнирлік кестеде төртінші орынмен аяқтап, әлем біріншілігіне шыға алмады. Ал Бельгия болса, жеті матчтан кейін 15 ұпаймен топта көш басында келеді.