Конькиші Евгений Кошкин Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды
Қысқы спорт
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.
Бірінші орынды нидерландтық Йеннинг Де Бу (33.63) жеңіп алды. Оңтүстіккореялық Юн Хо Ким 33.78 көрсеткішімен үшінші болды.